Шыңғыс Есенаманов: «ЕУРО-2016-ға шығу үшін бар күшімізді саламыз»

Шыңғыс Есенаманов: «ЕУРО-2016-ға шығу үшін бар күшімізді саламыз»

«Тұлпар» футзал клубының капитаны Шыңғыс Есенаманов «PROСПОРТ» тілшісіне эксклюзивті сұхбат берді.

Клубтағы қаржылық мәселесі жайлы

Бәрі жақсы. Клуб барлық қарыздарымызды өтеп берді. Бүгінгі таңда, қаржылық қиындық жоқ.

Былтырғы мен биылғы «Тұлпардың» құрамасы туралы

Былтырғы «Тұлпар» мықтырақ болды деп айта алмаймын. Биылғы маусымда қарсыластарымыздың деңгейі өсті. Бізге көп ойындарда сәттілік жетіспеді. Бір-екі гол айырмасымен жеңілетінбіз. Меніңше, былтырғы мен биылғы «Тұлпардың» құрамасы бірдей.

Шабуылшының жетіспеушілігі хақында

Мықты бір шабуылшы жетіспеді. Гол соғатын көп мүмкіндіктерімізді жүзеге асыра алмадық. Біздің командаға «Қайратта» ойнайтын Алешандре сияқты сұрмерген керек.

«Қайраттың» ұсынысы туралы

«Қайраттан» ұсыныс келген. Бірақ менде «Тұлпармен» көпжылдық келісімшарт  бар. Бірнеше жыл бұрын алматылық команда мені қатарына қосқысы келген. Бірақ қос клубтың басшылығы келісімге келе алмады.

УЕФА кубогының төрттік финалы жайлы

Барлық командалардың деңгейі бірдей. «Дина» жақсы өнер көрсетуде, «Синарадан» Агаповты сатып алды. «Барселонаны» бәрі таниды. «Қайраттың» сапында ең мықты бразилиялық ойыншылар бар. «Спортингте» мықты ұжым, сондай-ақ жарыстың қожайындары. Менің ойымша, Төрттік финалда фаворит жоқ. Бірақ, «Қайрат» биыл УЕФА кубогын ұта алады.

Ұлттық құрамасы жайлы

Қазақстан құрамасының Әлем мен Еуропа чемпионатына шығуға барлық мүмкіндігі бар. Былтыр бізге ақтық кезеңге өту үшін бір гол жетпей қалды. Биыл болса плей-офф ойындарына жолдама алдық. Бүгінгі таңда, ұлттық құрамамызда еліміздің ең мықты ойыншылары жинақталған. ЕУРО-2016-ның ақтық кезеңіне шығу үшін бар күшімізді саламыз.

«Қайрат» туралы

«Қайрат» – мықты команда. Қазақстанда ұйымдастырылған барлық жарыстарда топ жарған клуб. УЕФА мен клубтар арасындағы Әлем чемпионы. Ұтпаған кубоктары жоқ. Қателеспесем, «Урал» кубогын ғана ұтқан жоқ. «Қайрат» күн сайын дамып келеді. Легионерлерден тыс жергілікті Михаил Першин мен Александр Довгань секілді мықты ойыншылары бар. Қарап отырсақ, қазақстандық ойыншыларының барлығы «Тұлпардан» ауысқан. Алматылық клубтың жалғыз кемшілігі – Академиясы. Мұннан жарқырап шыққан ойыншы жоқ. «Қайратқа» өздерінің балалар мектебін дамыту керек.

Cұхбаттасқан: Қайсар ОҚАС

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или