Лиссабон төріндегі майдан. УЕФА кубогы қай елге кетеді?

25 сәуірде футзалдан УЕФА кубогының төрттік финалы бастау алады. Мини футболдан кәрі құрлықтың үздігі атану үшін төрт клуб та сақадай сай. Осы орайда «PROСПОРТ» тілшісі еурододаның үздік төрттігімен таныстырмақ.

«Барселонаның» соңғы үміті – УЕФА кубогы

Ең алдымен, қазіргі чемпиондар «Барселонаға» тоқталсақ. «Барселона» футболшылары Еуропада қаншалықты азулы болса, футзалшылары да соншалықты мықты. Жалпы, бұл клуб 1978 жылы құрылып, төрт жылдан кейін тарқап кеткен. 1986 жылы қайта жанданған команда өзінің азуын соңғы жылдарда ғана көрсетіп жүр. 2010/11 жылғы маусым каталониялықтар үшін өте сәтті өтті. «Барса» Испания кубогында, чемпионатында және Король кубогында топ жарды. Бұған УЕФА кубогындағы жеңісін қосыңыз. Араға екі жыл салып, «Барселона» екінші рет еуроаренада чемпион атанды.

Биылғы еуромаусымды да каталониялық ұжым табысты өткізуде. Доданы Элиталық кезеңде бастаған олар қарсыластарына мүмкіндік қалдырмады. Алдымен венгриялық «Береттьофалуды» 4:1 есебімен тас-талқан қылды. Артынша әзірбайжанлық «Баку Юнайтедті» (5:1) және украиналық «Локомотивті» (5:0) жеңді.

Дегенмен «Барса» үшін биылғы Испания чемпионаты айтарлықтай өтпеді. Команда маусымның қорытындысы бойынша екінші орын алып, алға «Интер Мовистарды» жіберіп алды. Король кубогының жартылай финалында «Интер Мовистарға» жол берсе, Испания кубогының финалында «Хаэннен» жеңіліп, күміс жүлдені қанағат тұтты. Енді УЕФА кубогын жеңіп алмаса, «Барселона» биылғы маусымда титулсыз қалмақ.

Сондықтан «Барселонаның» ендігі көздегені – УЕФА кубогын үш рет жеңіп алған испаниялық «Интер Мовистардың» жетістігін қайталау.

«Спортингтің» қаруы – жанкүйерлері

«Барселонаға» жартылай финалда дода қожайыны португалиялық «Спортинг» қарсы тұрмақ. Әрине, испаниялық көршілері секілді кәрі құрлықта мақтаналарлық жеңісі болмаса да, бұл клуб Португалия чемпионатын он рет ұтып алған. Екі рет ел кубогында топ жарыпты.

«Спортингтің» УЕФА кубогындағы ең үздік нәтижесі – финалға шыққаны. 2010/2011 жылғы маусымда Алматыда өткен төрттік финалында португалиялықтар «Қайратты» жартылай финалда жеңіп, ақтық сынға жолдама алған болатын. Бірақ финалда оларды италиялық «Монтесильвано» ірі есеппен жеңді.

«Барселона» секілді «Спортинг» те осы маусымды Элиталы кезеңнен бастады. Лиссабондықтар бірінші матчында «Шарлеруаны» 5:3 есебімен қапы қалдырса, кейін «Гранд Проны» 8:2 есебімен күйрете жеңді. Ал соңғы турда «Интерден» 1:0 есебімен басым түсті. «Мео Аренада» бұл клубты он мыңнан астам жанкүйердің қолдайтынын ескерсек, «Спортингті» финалдан көріп қалуымыз әбден мүмкін.

«Дина» тосын-сый жасауға дайын

Төрттік финалда басқаларына қарағанда беделі аздау – мәскеулік «Дина». Бұл ұжым 90 жылдары қарсылас шақ келтірмеген. Ресей чемпионатындағы жеңістерін былай қойғанда, Еуропа чемпионадарының турнирінде үш рет топ жарған. Тіпті, бір мәрте Құрлықаралық кубокта жеңімпаз атаныпты.

Әйтсе де, мұндай жетістіктер тек жиырмасыншы ғасырдың еншісінде кетті. Қазіргі «Дина» араға 14 жыл салып, Ресей чемпионатында чемпион атанып отыр. УЕФА кубогын негізгі кезеңнен бастады. «Дева» (4:2), «Алумнус» (8:3) және «Шарлеруа» (5:1) секілді клубтармен күш сынасып, топта бірінші орын алды.

Элиталық кезеңде В тобына түсіп, ол жақта да барлық ойында жеңіске жетті: «Хрудиммен» 3:0, «Аразбен» 5:4, «Слов Матикпен» 4:1.

«Динаның» басшылығы биылғы маусымда УЕФА кубогын жеңіп алуды негізгі мақсат қылған. Сондықтан алдағы матчтарда мәскеулік ұжым бар күшін салып ойнайды.

«Қайрат» чемпиондық атақты қайтарып алмақ

Ал алматылық «Қайрат» «Динаның» жолын бөгеп, мақсатына жеткізбеуге тырысады. Қай турнирге қатысса да, бас жүлдені мақсат қылатын алматылықтар төрттік финалға көтеріңкі көңіл-күймен келді. Бірнеше күн бұрын «Қайрат» ел чемпионатында он бірінші рет топ жарған болатын. Сонша мәрте Қазақстан кубогын еншіледі.

«Қайрат» УЕФА кубогында бір рет жеңімпаз атанды. 2012/13 жылғы маусымда Тбилисиде жартылай финалда «Барселонаны» ұтса, финалда «Динамоны» қапы қалдырған болатын.

Ал былтырғы маусымда алматылықтар чемпиондық титулын сақтай алмай, жартылай финалда «Динамодан» жеңіліп қалған-ды. Сондықтан Какау шәкірттері осы турнирде чемпиондық атақты қайтарып алмақшы.

Биылғы еуромаусымды «Қайрат» Элиталық кезеңде бастады. Алматыда өткен матчтардың барлығында да алаң иелері жеңіске жеткен. Алдымен «Никарсты» 11:2 есебімен ұтса, екінші турда париждік «Спортингті» қапы қалдырды – 11:7. Екі матчтан соң төрттік финалға жолдама алып қойған «Қайрат» соңғы кездесуінде «Экономацты» 6:3 есебімен жеңді.

«Қайраттың» УЕФА кубогында жеңіске жетуі қарағандылық «Тұлпарға» да тиімді болмақ. Осындай жағдай орын алып жатса, «Тұлпар» да келесі жылы УЕФА кубогына қатыса алады.

Сонымен, үздіктің үздігі анықталатын күн алыс емес. Қазақстандық жанкүйерлер «Қайраттың» «Динаға» қарсы ойынын жұмадан сенбіге қараған түні KAZSport телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады. Трансляцияның басталатын уақыты – 00:00-де. Ал 26 сәуірде барша қазақстандық жанкүйерлер болып «Қайратты» финалда көрейік деп тілейміз!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или