«Мықтырақ болып ораламыз деп уәде беремін». Қазақстан құрамасының бапкері 2022 жылғы Еуропа чемпионатындағы өнеріне қатысты пікір білдірді

«Мықтырақ болып ораламыз деп уәде беремін». Қазақстан құрамасының бапкері 2022 жылғы Еуропа чемпионатындағы өнеріне қатысты пікір білдірді

Қазақстан құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Кака команданың 2022 жылғы Еуропа чемпионатындағы өнеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.

<span>«Қазақстан құрамасын жаттықтыру оңай жұмыс емес, өйткені оның нәтижесі бүкіл елде көрініс табады. Халық жеңісті күтіп тұрған кезде бұл өте жауапты оқиға. Мен халық алдындағы жауапкершілігімнің қандай екенін жақсы түсінемін. Қайталап айтамын, нәтиже үшін толық жауапкершілікті өз мойныма аламын және команда бұдан да мықтырақ болып оралады деп уәде беремін және жанкүйерлеріміз бізді мақтан тұту үшін бар күшімізді саламыз. Біздің команда әрқашан соңына дейін күреседі. Алға, Қазақстан», — деп жазды бапер Instagram парақшасында.</span>

Нидерландыда өтіп жатқан 2022 жылғы Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы Словения құрамасымен тең (4:4) түсіп, Финляндия (6:2) және Италия (6:2) құрамаларын жеңіп, В тобында бірінші орын алған болатын. 4:1). Ширек финалда қазақстандықтар Украина құрамасынан жеңіліп (3:5) медальдар үшін күрестен шығып қалды.

<span>Фото uefa.com</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или