Еуро-2022: Қазақстан – Украина матчына төрешілер тағайындалды

Еуро-2022: Қазақстан – Украина матчына төрешілер тағайындалды

Еуропа чемпионатының ширек финалы аясында өтетін Қазақстан - Украина матчының төрешілер тобы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесудің бас төрешісі болып испаниялық Хуан Галлардо тағайындалды. Оған отандасы Алехандро Мартинес Флорес көмектеседі. Төртінші төреші – испанииялық Давид Урданос Апестегия. Хронометрист – Григорий Ошомков (Эстония).

Айта кетейік, Қазақстан мен Украина арасындағы ойын Амстердамда (Нидерланды) өтеді. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 01:00-де басталады. Оны Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или