«Аяттың» бұрынғы ойыншысы «Ақтөбеге» ауысты

«Аяттың» бұрынғы ойыншысы «Ақтөбеге» ауысты

«Ақтөбе» футзал клубы қазақстандық Руслан Булатовпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Руслан Ақтөбе облысы, Шалқар қаласының тумасы. Бұған дейін ол ақтөбелік «Інжу» және «Рахмет» клубтарында өнер көрсеткен. 

Олардан бөлек Шымкенттегі ДЮСШ №7, «Атырау», «Аят» және «Бәйтерек» сапында доп тепті. Осы маусымда ол 14 ойынға қатысып, 7 гол соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или