«Қиындықтардың бәрін еңседік деп айтуға болады». Біржан Оразов Италияға қарсы матч туралы пікір білдірді

«Қиындықтардың бәрін еңседік деп айтуға болады». Біржан Оразов Италияға қарсы матч туралы пікір білдірді
Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Біржан Оразов Италияға қарсы өтетін ойын алдында арнайы сұхбат берді, деп хабарлайды Prosports.kz ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Италиямен өтетін ойыннан не күтесің?

- Италиямен өтетін ойынға дайындық толық жүріп жатыр. Олардың өткен ойындарының видеоларын қарап, талдау жасадық. Кездесуде жеңіске жетеміз деп ойлаймын. 

- Қазақстан құрамасы алғашқы екі матчта ойынды баяу бастап, екінші таймға қарай жылдамдығын арттырды. Ал, кездесу соңына қарай қарқынын тағы күшейте түсті. Мұның себебі неде?

- Өткен ойындарда бірінші болып гол өткізіп алдық. Нақты себебін білмеймін. Бәлкім, психологиялық сәттер әсер еткен шығар. Бұл жолы ойынның алғашқы минуттарынан қатты бастағымыз келеді. 

- Еуропа чемпионатының алдында Қазақстан құрамасының дайындығы толық болмады. Көптеген қиындықтар кездесті. Алайда, қазіргі уақытта команданың көңіл-күйі жақсы сияқты. Ол үшін қандай жұмыстар атқыралды?

- Көптеген қиындықтардың болғаны туралы айтылды. Сол қиындықтардың бәрін еңсердік деп айтуға болады. Енді жақсы ойын көрсетіп, оң нәтижеге қол жеткізу қажет. Елдің абыройы үшін күрсемеіз. Үшінші ойынға бар күш-жігерімізді саламыз. 

- Аренаға алғаш рет жанкүйерлер жиналады. Қандай ойдасың?

- Біздің ойынымыз ең алдымен жанкүйерлер үшін деп ойлаймын. Қазақстан халқы интернет арқылы көп қолдау көрсетіп жатыр. Жанкүйерлердің аренадағы қолдауы да үлкен күш берері анық. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или