Марсело «Қайратқа» қолдау көрсетеді

Мадридтік «Реалдың» ойыншысы Марсело УЕФА кубогының төрттік финалында алматылық «Қайрат» футзал клубына қолдау көрсетеді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бұл туралы атақты бразилиялық қорғаушының жақын досы, алматылық команданың қақпашысы Игита мәлімдеді.

«Мен Марселомен сөйлестім, Мадрид пен Лиссабонның арасында алыс емес қой, сондықтан ол келіп, «Қайрат» АФК-ға қолдау көрсетуге уәде берді», - деді Игита.

Естеріңізге сала кетсек, 24 сәуірде «Қайрат» УЕФА кубогының жартылай финалында ресейлік «Динамен» кездеседі.

«Кайрат» АФК баспасөз-қызметінің ақпараты бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или