«Мен барлық жігіттерді мақтан тұтамын». Дуглас Финляндиямен матч жайлы пікір білдірді

«Мен барлық жігіттерді мақтан тұтамын». Дуглас Финляндиямен матч жайлы пікір білдірді

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Дуглас Жуниор футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионатының топтық кезеңінің 2-ші турындағы матчта Финляндия құрамасын жеңгеннен кейінгі эмоциясымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Сөз жоқ, керемет атмосфера. Біздің командада қандай атмосфера! Мен барлық жігіттерді мақтан тұтамын, біз Қазақстан үшін, еліміз үшін күресуді жалғастырамыз. Барлығы бірге, соңына дейін. Жігіттер, бүгін үлкен жеңіс! Алда алар асу көп», - деп жазды ойыншы Instagram-да.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы Финляндия құрамасын 6:2 есебімен ұтып, екі кездесуде 4 ұпай жинап, В тобында бірінші орынға шықты. Соңғы турда қазақстандықтар Италия құрамасымен кездеседі.

Еуропа чемпионаты: Қазақстан құрамасы Финляндияны ірі есеппен жеңді

Қазақстан құрамасы жаңартылған әлемдік рейтингте қай орында орналасқан?

Қазақстан құрамасы әлемдегі үш үздік құраманың қатарына енді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или