Еуро-2022: Ақбалықов пен Есенаманов Италиямен ойынға қатыспайды
Қазақстан құрамасының ойыншылары Альберт Ақбалықов пен Шыңғыс Есенаманов Еуропа чемпионатының топтық кезеңі аясындағы Италияға қарсы ойынға қатыспайды, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы ҚФФ баспасөз қызметі хабарлады.
- УЕФА тәртіптік-бақылау комитетінің шешімімен Қазақстан құрамасының ойыншы Альберт Ақбалықов Словениямен өткен кездесуде қызыл қағаз алғаны үшін екі ойынға шеттетілді. Шабуылшы Финляндиямен өткен ойынға қатысқан жоқ. Енді Италиямен өтетін кездесуде алаңға шыға алмайды.
Өкінішке қарай, шешуші ойында ұлттық құрамаға Шыңғыс Есенаманов та көмектесе алмайды. Ойыншының қайта тапсырған сынағы оң нәтиже көрсетті. Жарыс ережесіне сәйкес, ойыншы бір апта (31 қаңтарға дейін) карантинде болады, - деп жазды ҚФФ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или