Арнольд Кнауб Финляндиямен матч жайлы: Игитаның голы сенімділік сыйлады

Арнольд Кнауб Финляндиямен матч жайлы: Игитаның голы сенімділік сыйлады

Қазақстан құрамасының ойыншысы Арнольд Кнауб Prosports.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында өзінің коронавирустан қалай зардап шеккені және Еуро-2022-дегі алғашқы ойыны туралы айтып берді.

- Арнольд, қалайсың?

- Қазір денсаулығым түзеліп қалды.

- Ковидке оң сынақтан өткенде, ауырғаныңды сезіндің ба? Немесе симптомсыз өтті ма?

- Температурам 39-ға дейін көтерілді, барлық белгілер болды - жөтел, мұрыннан су ағуы және т.б.

– Объективті себептерге байланысты әлем чемпионатында қол жеткізген алғашқы төрттіктегі орныннан айырылып қалдың. Финдермен матчтың алғашқы минуттары қиын болды ма?

- Жоқ, мен стартта өз орнымды мүлде жоғалтқан жоқпын, өйткені бізде тұрақты төрттік бар: Тұрсағұлов-Оразов-Дуглас-Тайнан. Әлем чемпионатында Нұрғожин, Есенаманов, Ақбалықовпен бір төрттікте болдым. Ал, әлем чемпионаты кезінде бапкерлер штабы әртүрлі нұсқаларды қолданып көрді.

- Сырттай қарағанда, ойын сен үшін сәтсіз басталды. Қарсылас екінші гол соққан кезде қателік жібердің. Кака сені қосалқы орындыққа отырғызып тастайды деген қорқыныш болды ма?

– Алаңға шыққан кезде қатты қиын болды деп айта алмаймын. Тағы бір жайт, ойын ырғағы жетіспеді, физикалық тұрғыдан әлі 50-60 пайызға ғана дайынмын. Егер осы тұрғыдан алғанда, иә, оңай емес. Екінші жіберілген гол үшін белгілі бір жауапкершілікті сезінемін, бірақ ол жағдай менің еңсемді түсірген жоқ, керісінше, қайрай түсті.

Қосалқы құрамға отырып қалып, енді матч барысында ойынға араласа алмаймын-ау деген қорқыныш болған жоқ. Ойын жүрмегені алаңдатты. Дегенмен, Игитаның голы өзімізге деген сенімділікті арттырды. Артынша, жеңісті голды да соқтық. 

- Италиямен шешуші матч алдында командада көңіл-күй қандай? Қазақстан құрамасы өз ойынын тапты деп айта аламыз ба?

- Көңіл-күй қалыпты. Қазір демалдық, эйфория жоқ. Италияны жан-жақты зерттеуге тырысамыз, бұл қарсыласпен кездесу өте қызықты болады. Бірақ біз өз ойынымызды әлі таппадық. Құдай қаласа, бәрі ойдағыдай болса, біз плей-оффқа оңтайлы формада шығамыз.

 

Еуропа чемпионаты: Қазақстан құрамасы Финляндияны ірі есеппен жеңді

Қазақстан құрамасы жаңартылған әлемдік рейтингте қай орында орналасқан?

Қазақстан құрамасы әлемдегі үш үздік құраманың қатарына енді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или