Біржан Оразов Қазақстан сапындағы 15-голын соқты

Біржан Оразов Қазақстан сапындағы 15-голын соқты

27 жастағы Біржан Оразов футзалдан Қазақстан құрамасы сапындағы Финляндияға қарсы ойында (6:2) 15-ші голын соқты.

Аягөз футболының шәкірті Біржан Оразов футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының сапында 2017 жылдың 6 ақпанында Алматыда Беларусь құрамасымен жолдастық кездесуде (0:1) алғашқы ойынын өткізді. Финляндия құрамасына соққан екінші гол оның Қазақстан құрамасындағы 15-ші голы болды.

Біржан Оразов 2018 жылғы Еуропа чемпионатының қатысушысы. 2021 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалисті. Студенттер арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

Қазақстан құрамасы сапында 44 ойын өткізіп, 15 гол соқты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или