Қайрат Оразбеков: «Басты мақсат – УЕФА кубогының финалына шығу»

Қайрат Оразбеков: «Басты мақсат – УЕФА кубогының финалына шығу»

«Қайрат» спорт кешенінде сәуірдің 24-26 аралығында Лиссабон қаласында болатын УЕФА кубогының төрттік финалына жолдама алған алматылық футзал ұжымының баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бұл жиынға «Қайрат» АФК президенті Қайрат Оразбеков, ұжымның бас жаттықтырушысы Какау, алматылықтардың шабуылшысы Игор және команда капитаны Дінмұхамбет Сүлейменов қатысты.

Алғашқы сұрақ клуб президентіне қойылды:

- Былтырғы жылы «Қайрат» чемпиондық атағын қорғай алмады. Биыл алға қойған мақсаттарыңыз қандай?

- Егер «Қайраттың» тарихына көз жүгіртсек, біз медальды араға бір жыл салып иеленіп келеміз. Алдыңғы жылы сәтсіз өнер көрсеттік, енді осы жылы Алматыға медальсыз қайтпаймыз. Сондықтан басты мақсатымыз – УЕФА кубогының финалына шығу. Алғашқы матч біз үшін өте маңызды. Биылғы құрамымыздың да мықты екенін ескеруіміз қажет. Барлық ойын біраз күш жұмсауды талап етеді. Екінші мәрте кубокты ұту біздің қолымыздан келеді.

- Мәскеулік «Динаның» президенті Роман Козлов финалдағы қарсыласы «Барселона» клубы болғанын қалайтынын айтты. Сіздің көзқарасыңыз қандай?

- Барлығынан бұрын, «Динаның» финалға шығуына мүмкіндік бермеуге тырысамыз. Қаласа, 3-ші орынға талассын. Қазіргі уақытта біз үшін қарсыластың кім болатыны маңызды емес. Қандай жағдай болмасын, финал біз үшін басты мақсат. «Барселона» осы кезге дейін финалда тек «Қайратқа» ғана жол берген. «Спортинг» клубына келер болсақ, біз олардан өз жерімізде есе жібердік, соны қайтаруымыз керек.

Келесі сұрақ алматылық ұжымның жаттықтырушысы Какауға қойылды:

- Ресейлік «Дина» туралы айтып өтсеңіз. Қаншалықты бақыладыңыздар, оларға қарсы не дайындадыңыздар?

- Жеребе тарту рәсімінен кейін біз оларды бақылауды қолға алдық. Ресей чемпионатында матчтар тікелей эфирде таратылады, осы жағы бізге тиімді болды. Олар да біздің ойынымызды бақылайтыны анық. Қарсыластың азулы екенін білеміз. Мақсатымыз – финалға шығу. Оған сеніміміз мол, қорқыныш сезімі мүлдем жоқ. Қарсыласымызды сыйлаймыз, өзіміздің үздік ойынымызды көрсетеміз. Не дегенмен, бізге Еуропаны бағындырған ойыншылар қарсы тұрмақ.

Қақпашыларды ойынға араластыруды жоспарлап отырмыз. «Дина» командасының ойыны да бізге ұқсас, 5x4 жобасымен ойнайды. Ойынның тартысты өтеріне сенімдімін және өз ойыншыларыма сенемін. Былтыр финалға шыға алмадық, ал дәл қазір уақыт келді.

- Лукоян мен Умберто клубқа сіңісе алды ма? Женің орнын алмастыра алатындай дәрежеге жетті ме?

- Лукоян мен Женің ойын мәнері ұқсас. Же командаға қосылды, бірақ қателіктер жіберіп жүр. Біз оған финалда үміт артатын боламыз. Президентіміз қолынан келгеннің бәрін жасады, біз клубымызға сәйкес келетін ойыншыны таптық. Әлем чемпионы атанған Лукаян керемет орындаушы. Ал Умбертоға келер болсақ, ол – әмбебеп ойыншы. Кез келген бұрышта ойқастай алады. Сонымен қатар, бразилиялық клубтарда өнер көрсеткен тәжірибесі бар. Маған осындай ойыншылар керек.

- Финалда қай қарсыласты тиімді деп санайсыздар?

- Маған қарсыластың кім болатыны маңызды емес. Соңғы «Спортингке» қарсы өтетін матч қиынға соғайын деп тұр. Себебі олар өз алаңында, өз жанкүйерлерінің алдында өнер көрсетеді. «Барселона» чемпион команда және төрттік арасында фаворит. Басты мақсат – «Динаны» жеңу.

Микрофонға Игор жақындады.

- «Дина» қорғаушыларының мықтылығы қандай деңгейде?

- «Дина» - бразилиялық таланттар мен ресейлік мықтылардан құралған өте жақсы команда. Қарсылас команда ойыншыларының деңгейі өте жоғары, сондықтан ойын оңайға соғады деп айта алмаймын. Ойыншылардың өзара түсінушіліктері мен тактикалық қойылымдар ресейліктерге қарсы біздің қолданар басты қаруымыз болмақ. Олардың қорғанысын бұзып жаруға тырысамыз.

Дінмұхамбет Сүлейменовке де сұрақ қойылды.

- «Динаның» шабуылшысы Эскердинья бұл маусымда 50-ден астам гол соғып, өзінің бабында екенін дәлелдеуде. Біздің команданың басты қорғаушысы ретінде, сіз өз басыңыз бұл матчта сол ойыншыға қарсы жеке дайындалдыңыз ба?

- Эскердиньяның еңбекқор екенін бәрі біледі. Біздің команданың қорғанысы өте мығым екенін айтқым келеді. Фернандао секілді мықты шабуылшылардың өзі де біздің қорғанысымыздан өтуде біраз қиналған. Эскердиньяның гол солмауы үшін барлық жағдайы қарастырамыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или