Тоқаев Словенияға қарсы матч жайлы пікірін айтты
Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Жомарт Тоқаев Еуропа чемпионаты аясындағы Словениямен матчқа (4:4) қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Ассаламалейкум, қазақ елі. Бүгінгі ойын туралы айтатын болсақ, білесіздер, біздің құрама дәл қазір толық құрамда емес. Ауырып жатқан, жарақат алған жігіттер бар. Дегенмен, соған қарамастан бар күшімізді салып, ойынды тең аяқтадық. Аллаға шүкір, турнирде соққан алғашқы голымды барша қазақстандықтарға арнаймын», - деді Тоқаев.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или