«Атыраудан» кеткен бразилиялық ойыншы украиналық клубқа ауысты
«Атыраудан» кеткен бразилиялық легионер «Эвертон» украиналық «Продексим» клубымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Эвертон 1990 жылы 15 ақпанда дүниеге келген. Оң қанатта ойнайды. Херсон клубының жаңа ойыншысының мықты тұстары - дриблинг, жылдамдық және қорғаныс.
Бразилиядан тыс жерде 2016-2021 жылдар аралығында легионер Латвияның «Никарс» және қазақстандық «Ақтөбе», «Жетісу» және «Атырау» клубтарында өнер көрсеткен. Оның спорттық жетістіктерінің қатарында Латвия чемпионы және Латвия Кубогы (2016 ж.), Қазақстанның вице-чемпионы (2018, 2020) және Қазақстан Кубогының вице-чемпионы (2019) атағы бар», - деп жазылған клубтың баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или