Қазақстан құрамасының бірнеше ойыншысы коронавирус жұқтырды
Футзалдан Қазақстан құрамасының бірнеше ойыншысы Еуропа чемпионаты өтетін Нидерландыға ұшпас бұрын коронавирус жұқтырды, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы meta-ratings.kz сайты хабарлады.
Дәурен Тұрсағұлов, Арнольд Кнауб және Нұрбек Қарағұловтың коронавирусқа қарсы тапсырған тесті оң нәтиже көрсетті. Ойыншылар Нұр-Сұлтанда қалды және тағы да сынақтан өтеді. Егер нәтижелер теріс болса, Гронингенге барып, командаға қосылады.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Еуро-2022 турнирін Словенияға қарсы ойынмен бастайды. Матч 20 қаңтарда өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или