Қазақстандық шабандоз карьерасындағы 20-ыншы Гранд тур туралы айтты

Қазақстандық шабандоз карьерасындағы 20-ыншы Гранд тур туралы айтты

«Астанаға» оралған қазақстандық шабандоз Андрей Зейц Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында Bike Exchange және команда жаңа маусымда нені талап ете алатыны туралы айтып берді.

- Бұл кімнің бастамасы болды және «Астанаға» оралу процесі қалай өтті?

- Ұсыныс маусымның соңында, «Джиро ди Ломбардиядан» кейін келді. Көп ойланбай келістім.

– Екі маусымда Bike Exchange-де өзіңізді көрсетуге мүмкіндік болды ма?

- Bike Exchange Саймон Йетс көмектесетін шабандоз ретінде мені таңдаған. Спринтер күндері Майкл Мэттьюске жұмыс істедік. Бос күндері үзіліс алып жүрдім.

- Алғашқы оқу-жаттығу жиыны өтті, алдыңызға қандай мақсат қойдыңыз және маусымды қай жерден бастайсыз?

- Коронавирус әлі жойылған жоқ және кейбір жоспарларды бұзып үлгерді (бірнеше күн бұрын Аргентина тоқтатылды). Мен алдағы күндері бірінші старттарға жаңартылған бағдарламаны күтемін.

- Қай Гранд Тур карьераңыздағы 20-шы болады?

– Жалпы, мен жоқта үлкен өзгерістер болған жоқ. Әзірге «Вуэльта Испания» бағдарламасын қойдым.

- Жаңарған құрамды ескерсек, «Астана» жаңа маусымда нені талап ете алады?

- Мен ойымша, Лопес 2022 жылы Гранд Турлардың бірінде тұғырдан көрінеді. Ол есейді және жарысқа өз көзқарасы бар, біз оған көмектесуге тырысамыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или