Кака 2021 жылдың үздік бапкері жүлдесіне үміткер атанды
Futsalplanet.com порталы Futsalplanet Awards 2021 жүлдесінде «Ерлер құрамасының үздік бапкері» номинациясына үміткерлер тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Үміткерлер қатарында Қазақстан құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Кака да бар. Оның жаттықтыруымен Қазақстан құрамасы 2021 жылы әлем чемпионатының жартылай финалына жетіп, 2022 жылғы Еуропа чемпионатының негізгі кезеңіне жолдама алған.
Димитрий Николау атындағы жүлдеге үміткерлер тізіміне Какадан бөлек, Баходир Ахмедов (Өзбекстан), Мариан Берки (Словакия), Бруно Гарсия (Жапония), Хишам Дгуиг (Марокко), Фредди Мигель Гонсалес (Венесуэла), Жорже Браз (Португалия), Иво Крезо (Босния және Герцеговина), Матиас Лукуикс (Аргентина) пен Сейед Мохаммад Наземашари (Иран) енді.
Фото instagram.com/kazfutsal