Игита алтыншы рет әлемнің үздік қақпашысы атануы мүмкін

Игита алтыншы рет әлемнің үздік қақпашысы атануы мүмкін

Futsalplanet.com порталы жыл сайындағы Futsalplanet Awards 2021 жүлдесінде «Ерлер арасындағы футзалдан әлемнің үздік қақпашысы» номинациясына үміткерлер тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасы мен «Қайрат» АФК қақпашысы Игита бұл жүлдені алтыншы рет алуы мүмкін. Ол 2015, 2016, 2018, 2019 және 2020 жылдары әлемнің үздік голкипері атанған.

Игитадан бөлек, үміткерлер тізіміне Андре Деку (Бразилия, «Каскавел»), Дидак (Испания, «Барса»), Федерико Перес (Испания, «Леванте»), Гитта (Бразилия, «Спортинг»), Николас Сармьенто (Аргентина, «Реал Бетис»), Дмитрий Путилов (Ресей, «Синара»), Алиреза Самими (Иран, «Мес Сунгун Варзаган»), Хо Ван И (Вьетнам, «Тай Сон Нам»), Виллиан (Бразилия, «Крона Футзал») кірді.

Фото instagram.com/kazfutsal

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или