Қайрат Оразбеков: Дугласқа қызығушылық танытатындар көп

Қайрат Оразбеков: Дугласқа қызығушылық танытатындар көп

«Қайрат» президенті Қайрат Оразбеков ресейлік КПРФ клубының Дугласқа қызығушылық танытқаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

– КПРФ командасы Дуглас Жуниорға қызығушылық танытқаны рас па?

- Біз Дуглас туралы КПРФ өкілдерімен келіссөздер жүргіздік. Айтайын дегенім, Дугласты өз қатарында көргісі келетін командалар көп. Оның қазақстандық төлқұжаты бар екенін ескерсек, Дуглас Ресейде легионер болып есептелмейді.

– «Қайрат» көшбасшыларының бірін қысқа мерзімге болса да босатуға дайын ба?

– Біз мұндай мүмкіндікті жоққа шығармаймыз. Бұған дейін «Барселона» оны сатып алғысы келген, бірақ «Қайраттың» және Қазақстан құрамасының мүддесі үшін біз оны жібере алмадық. Дугластың бізбен келісімшарты келесі маусымның соңына дейін бар.

- Дугластың өзінің реакциясы қандай?

- Ол, әрине, бұл туралы біледі және Ресей Суперлигасы сияқты қуатты чемпионатта бағын сынауға қарсы емес. Дуглас үшін Ресей чемпионатына өте күрделі сынақ болар еді.

Біз оның агентімен сөйлескен болатынбыз. Мәселе мынада, ол бірқатар медициналық сынақтардан өтуі керек және егер бұл процедуралардың бәрінен сәтті өтсе ғана <span>КПРФ сапына жалға ауыса алады. </span>

- Маусымның екінші бөлігіне біреуді жалға бересіз бе, тіпті трансфер жасайсыз ба?

- Маусымның екінші бөлігінде Дуглас Ресейге кетсе де, «Қайраттың» құрамы мықты болып қала береді. Біздің құрамда әлі ойын практикасы аз ойыншылар бар. Бірақ біз осы қыста басқа ешкімді жалға бермейміз..

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или