Ерсұлтан Сағындықов «Бәйтеректен» кетті

Ерсұлтан Сағындықов «Бәйтеректен» кетті

«Бәйтерек» футзал клубы ұлттық құраманың ойыншысы Ерсұлтан Сағындықовпен келісімшартты бұзды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, келісімшарт тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылды.

Сағындықов «Бәйтерекпен» биыл шілде айында келісімшартқа отырған. Бұған дейін ол «Аят» сапында өнер көрсетті.

Сағындықов Қазақстан құрамасы сапында 2016 жылы алғашқы ойынын өткізді. Үш жылдан кейін ол еліміздің студенттер құрамасы сапында әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или