Чемпиондар лигасы: Төрттік финалдың қай елде өтетіні анықталды

Чемпиондар лигасы: Төрттік финалдың қай елде өтетіні анықталды

УЕФА 2021/2022 жылғы футзалдан Чемпиондар лигасының төрттік финалы қайда өтетінін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

28/29 сәуірде және 30 сәуір/1 мамырда Ригада футзалдан басты клубтық турнирдің шешуші матчтары өтеді. Нақты дата кейінірек анықталады.

Латвия астанасында португалиялық «Спортинг» пен «Бенфика», испаниялық «Барса» және ресейлік «Тюмень» кубокты сарапқа салады.

Футзалдан Чемпиондар лигасының финалдық турнирі екінші рет барлық қатысушылар үшін бейтарап алаңда өткелі отыр. Алғаш рет мұндай жағдай былтыр кездесті, үздік төрт команда (арасында «Қайрат» АФК бар) Хорватияның Задар қаласында кездескен. 

Финалдық турнир бұған дейін Мурсия (2007), Мәскеу (2008), Екатеринбург (2009), Лиссабон (2010 және 2015), Алматы (2011, 2017 және 2019), Лерида (2012), Тбилиси (2013), Баку (2014), Гвадалахара (2016), Сарагоса (2018) және Барселона (2020) қалаларында өткен. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или