«Ешкімді кінәлаудың керегі жоқ». Біржан Оразов Өзбекстанға қарсы жолдастық матч туралы

«Ешкімді кінәлаудың керегі жоқ». Біржан Оразов Өзбекстанға қарсы жолдастық матч туралы

Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Біржан Оразов Өзбекстанға қарсы жолдастық кездесудегі жеңіліс (4:6) туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Бүгінгі матчта қарсыласқа жол бердік, енді қатені түзеп, мықты бола түсеміз. Ешкімді кінәлаудың керегі жоқ, достар, матч нәтижесіне ықпал тигізген бірнеше фактор болды. Біздің осал және мықты тұстарымызды білу үшін осындай жолдастық матчтар өтеді. Енді ЕУРО-ға дайындаламыз. Бізге сіздердің қолдауларыңыз керек!», - деп жазды Оразов Instagram-да.

Қазақстан ЕУРО-2022 турниріне дайындық аясында Өзбекстанмен екі рет кездескен. Бірінші ойында 3:1 есебімен жеңсе, екінші матчта 4:6 есебімен жеңілген болатын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или