Шыңғыс Есенаманов: «Гол соғып, командаға пайда әкелсем қуанамын»

Футзалдан ел біріншілігінің 14-ші турында «Аятпен» кездескен «Тұлпар» клубының капитаны Шыңғыс Есенаманов екі допты өз атына жазып голдарының санын 28-ге жеткізді.

– Шыңғыс, сенің Қазақстан чемпионатында соққан голдарың 150-ден асты. Биыл 28 рет көзге түстің, жалпы жеке статистика жүргізесің бе өзің?

- Бұл туралы ойламаппын. Әр ойында гол соғып, командаға пайда әкелсем де жетіп жатыр. Соған қуанамын. Турнирлік кесетедегі нәтиже – басты нәрсе.

– «Аятқа» қарсы өткен матчта гол соғып «Қайрат» ойыншысы Алешандрені озуды көздедің бе?

– Өз алдыма бұндай мақсат қойған емеспін. Чемпиондыққа талас жолындағы басты қарсылас «Қайраттан» биыл ұтылып қалдық. Бірақ, мамыр айында тағы екі кездесу күтіп тұр. Алматылықтардан еш қалыспайтынымызды дәлелдегіміз келеді.

– Жақында ғана Еуро-2016 іріктеу турнирі аяқталды. Португалияны 3:1 есебімен ұтқан Қазақстан құрамасы тікелей жолдама алуға жақын қалған…

– Финалдық кезеңге өту үшін бір қадам қалды. Жуырда қарсыласымыз белгілі болады. Маусым айында жақсы ойын көрсетіп мықтылығымызды құрлықтың басты жарысында көрсеткіміз келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или