Қазақстан құрамасы жолдастық матчта Өзбекстанды жеңді

Қазақстан құрамасы жолдастық матчта Өзбекстанды жеңді

Нұр-Сұлтанда Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында Қазақстан құрамасы Өзбекстанды қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші таймда, Кака шәкірттері айтарлықтай үстемдік танытқанымен, қарсылас қақпасынан саңылау таба алмады. 

Екінші таймда он бес секунд ішінде жерлестеріміз екі гол соқты. Алдымен, Арнольда Кнауб матчтағы алғашқы допты Өзбекстан қақпасына дарытса, ізін ала Дуглас есепті еселеді. 39-минутта Илхом Хамроев есепті қысқартты. Матч аяқталуына санаулы секундтар қалғанда Игита бос қақпаны дәл көздеп, қорытынды есепті тіркеді - 3:1. 

Ертең, 15 желтоқсанда Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен екінші жолдастық кездесуін өткізеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или