«Тюмень» – «Қайрат» матчының тікелей трансляциясы

«Тюмень» – «Қайрат» матчының тікелей трансляциясы

5 желтоқсанда алматылық «Қайрат» 2021/2022 жылғы Чемпиондар лигасының элиталық раундының соңғы ойынын өткізеді. Қазақстан чемпиондарының қарсыласы А тобындағы турнир қожайындары – ресейлік «Тюмень» командасы болады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Түмендік команда алдыңғы екі турда жеңіске жетіп, топта бірінші орында тұр. «Қайрат» командасы өз кезегінде беларусь командасы «Витэнді» ұтқанымен, француздық «Асньерес-Вильневпен» кездесуде бір ұпай ғана қоржынға салды.

Төрттік финалға шығу үшін Пауло Рикардо Кака шәкірттері міндетті түрде жеңіске жетуі керек.

«Тюмень» - АФК «Қайрат» матчының тікелей трансляциясы Алматы уақытымен 19:50-де басталып, мына СІЛТЕМЕ арқылы қолжетімді болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или