Алексей Луценко «Astana Qazaqstan Team» капитаны атанды

Алексей Луценко «Astana Qazaqstan Team» капитаны атанды

Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко «Тур де Франсты» маусымның ерекше додасы болғанын жасырмады. Сондай-ақ, Astana Qazaqstan Team жаңа кезең алдында оған толық сенім артылғанын атап өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.

– Биыл Тур де Франс" мен үшін өте ерекше болды. Мен жалпы классификациядан орын алу үшін барымды салдым. Бұл маған келесі жылға деген мотивация болды. Алдағы маусымға өтке үлкен үмітпен және сеніммен қараймын. Команданың маған деген сенімін де сеземін. Келісім шарт тағы үш жылға созылды. Бұл мен үшін өте көп нәрсені білдіреді. Ең бастысы менің күшімен және болашағыма үлкен үміт артып отыр. Спортшы ретінде өзімді дәлелдеуге тырысамын.

Жаңа маусым тек қана "Тур де Франстан" тұрмайды. Классикалық жарыстардан бастайық. Сосын жағдайға, мүмкіндіктерге қараймыз. Алда көптеген маңызды бастамалар бізді күтіп тұр, - деді Луценко.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или