«Тағы бір маңызды күн!» Игита Чемпиондар Лигасы элиталық кезеңіндегі «Қайрат» - «Аньер-Вильнев» матчы туралы
Алматылық «Қайрат» АФК қақпашысы әрі капитаны Игита футзалдан Чемпиондар лигасы элиталық кезеңінің екінші турындағы франциялық «Аньер-Вильнев» командасына қарсы матч туралы пікір бөлісті, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.
«Бүгінгі қиын матчтан кейін ертең тағы бір маңызды күн! Біз УЕФА Чемпиондар лигасы элиталық кезеңінде <span>«Аньер-Вильнев» командасымен</span> екінші жеңіс үшін күресеміз. «Біз Қайратпыз, біз Алматымыз, біз Қазақстанбыз! – деп жазды спортшы өзінің Instagram парақшасында. Белорусиялық «ВитЭнге» қарсы өткен матчта «Қайрат» 3:2 есебімен жеңіске жеткен болатын.
<span>«Аньер-Вильнев»</span> – «Қайрат» матчы 3 желтоқсанда Түмен қаласында өтеді, басталуы – Алматы уақытымен 17:00-де.
<span>Фото instagram.com/leohiguita2</span>