Чемпиондар лигасы: «Қайрат» элиталық кезеңді жеңіспен бастады

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» элиталық кезеңді жеңіспен бастады

«Қайрат» АФК футзалдан Чемпиондар лигасының элиталық кезеңінде беларусьтік «ВитЭнмен» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматылық клуб бұл кезеңдегі алғашқы матчында жеңіске жетті. Кака шәкірттері қарсыласын 3:2 есебімен ұтты. 

Қазақстандық команда қатарынан Савио, Альберт Ақбалықов және Шыңғыс Есенаманов мергендік танытты. 

Осылайша, «Қайрат» топтық кезеңдегі алғашқы үш ұпайын қоржынға салды. 

Ел чемпиондары ертең франциялық  «Аньер-Вильнев» комадасымен кездеседі.  

«Қайрат» (Алматы, Қазақстан) — «ВитЭн» (Орши, Беларусь) 3:2 (2:2)
Гол соққандар: 
Еремин 2 (0:1), Савио 4 (1:1), Ақбалықов 13 (2:1), Роговик 14 (2:2), Есенаманов 31 (3:2). 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или