Чиншанло: Жанкүйер сенімін ақтау үшін барымды саламын
Ауыр атлетикадан Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Зүлфия Чиншанло Ұлттық олимпиадалық комитет ұйымдастыруымен өтетін Altyn Samǵaý-2021 спорттық жүлдесіне үміткерлер тізіміне енді. Осы орайда, спортшы мұндай сенім артылғаны үшін қуанышты екенін жеткізді.
«Жақында Ұлттық олимпиададық комитет ұйымдастырып жатқан спорттық жүлденің сілтемесін жіберді.
Расында, қуанып қалдым. Мұндай тізімге ені мен үшін үлкен абырой. Ұйымдастырушыларға рахметімді айтамын.
Маған дауыс беріп жатқан жанкүйерлерге рахмет. Бүл маған деген үлкен сенімнің белгісі. Сенімдеріңізді ақтау үшін аянып қалмаймын», - деді Чиншанло.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или