Киберспорт

Түркістандағы алғашқы киберчемпионат қалай өтті?

Түркістандағы алғашқы киберчемпионат қалай өтті?
news-banner7
mobile-news-top

Сенбі, 20 қарашада Түркістанда ALAMAN Sports 2021 киберспорт жарыстары екінші маусымының LAN-финалы өтті, деп жазады Prosports.kz.

Турнирді ұйымдастырған Pinger.Pro платформасы мен «Қазақтелеком» АҚ ұлттық байланыс операторы жарыстың мына түрлері бойынша жеңімпаздарды анықтады: PlayerUnknown’s Battlegrounds (PUBG), StarCraft II және Pro Evolution Soccer 2021. Финалдық матчтарда жеңіске жеткен қазақстандық үздік киберспортшылар кубок және ақшалай сыйлыққа ие болды.

ALAMAN Sports 2021 финалистері: Season 2.

PES 2021 бойынша 1-орын және 230 мың теңге - Абылайхан «RedCard» Ахметов;

StarCraft II бойынша 1-орын және 230 мың теңге - Алмат «Replicantsc» Төлеуғалиев;

PUBG бойынша 1-орын және 1 000 000 теңге - Strong командасы. Ойыншылары: Әкежан «HoBBitEz» Балташев, Ермек «ErmakKZ» Төребеков, Жәнібек «xxxtfuu» Омаров және Артур «Archi-» Инжаков.

Tekken 7 бойынша 1-орын және 230 мың теңге - Дмитрий «oolongcheye» Ли.

Айта кетейік, жоғарыда аталған жүлде сомаларынан бөлек, PUBG және Tekken 7 жарыстары бойынша жеңімпаздар 2022 жылы Оңтүстік Кореяда өтетін World Esports League 2021 халықаралық турниріне слот алды.

Киберспортты дамыту үшін ALAMAN ерекше маңызға ие, өйткені ол Қазақстанның ең шалғай аймақтарында компьютерлік спортты танымал етуге көмектеседі. Бұрын мұндай іс-шаралар негізінен елорда мен Алматыда өткізілсе, қазір еліміздің басқа қалаларынан жас дарындар да кәсіби деңгейде бақ сынап жүр.

Атыраулық киберфутболшы Абылайхан RedCard Ахметов ALAMAN сериясындағы өнері туралы былай дейді:

«Бұл туралы Instagram желісінен білдім. Онда жақын арада бірнеше турнир өтетіні туралы хабарландыру болды, олардың әрқайсысы LAN-финаллымен аяқталады. Алайда пандемия болып, нәтиже бермеді. Қазір жағдай өзгерді, сондықтан бәрі жақсы болса, офлайн форматқа бірте-бірте оралады.

Жас ойыншылардың мұндай шараға қатысуы өте пайдалы. Олар киберспорттың қалай дамып жатқанын тікелей эфирде көре алады. Осының арқасында олар барынша тырысып, жаттығады. Мұндай LAN-турнирде онлайнға қарағанда әлдеқайда мол мотивация алып, өзара танысып, тәжірибе алмасуға болады».



Сонымен қатар, ҚР күзгі кубогының чемпионы қазақстандық киберспорттың қазіргі жағдайы туралы ойын айтты:

«Біз әлі де даму кезеңінің басындамыз дер едім, әсіресе киберфутболда. Мен өзім киберфутболшымын және дамуымыз әлі төмен деп ойлаймын. Турнирлердің көп екенін жоққа шығармаймын, бірақ бұған кәсіби клубтар мен Қазақстан футбол федерациясының назар аударғанын қалаймын. Мұның бәрі бізге әсер етеді және мотивация береді».



Айта кетейік, ALAMAN Sports 2021 екінші маусымының LAN-финалы түркі әлемінің тарихи мекенінде өтіп қана қоймай, Ashyq қолданбасында жсыл мәртебесі бар көрермендер Congress Hall аумағына кіріп, ойынды тамашалады.

Матч трансляциясы үлкен экранда көрсетумен қатар, шара өтетін жерде қонақтар үшін төрт ойын-сауық аймағы болды: VR-арена Cyber Action, PlayStation бар дивандар, Freestyle Football және ұлттық киім киген батырлармен суретке түсуге болатын пресс-қабырға.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер