Бокс

Геннадий Головкин карьерасындағы маңызды жекпе-жекті атады

Геннадий Головкин карьерасындағы маңызды жекпе-жекті атады
news-banner7
mobile-news-top

Орта салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин 29 желтоқсанда Жапонияда WBA титулының иегері Риота Муратаға қарсы алдағы жекпе-жек туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі fightnews.info сайтына сілтеме жасап.

«Бұл жекпе-жекке келісуіме көптеген фактор себеп болды. Біріншіден, Мурата - WBA нұсқасы бойынша суперчемпион, бұрын Олимпиада чемпионы болған. Жапондар үшін батыр деп айтуға болады. Мен оны спортшы ретінде де, адам ретінде де қатты құрметтеймін, өйткені мен оны жеке танимын. Бұл жалпы бокс үшін үлкен жекпе-жек және үлкен оқиға.

Карьерамның әр кезеңіндегі әрбір жекпе-жек басты болып саналады. Қазіргі уақытта бұл мен үшін ең маңызды жекпе-жек деп ойлаймын. Мен оған толығымен көңіл аударып жүрмін, осы жекпе-жекті тамашалай алатын барлық бокс жанкүйері үшін қуаныштымын», - деді Геннадий Головкин Муратаға қарсы жекпе-жекке арналған баспасөз мәслихатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер