Тәжірбиелі қазақстандық шабандоз «Астанаға» оралды
Тәжірибелі қазақстандық велошабандоз Андрей Зейц 2008-2019 жылдар аралығында велоспорттағы мансабының көп бөлігін өткізген AstanaQazaqstan Team командасына оралды. Шабандозмен жаңа келісім бір маусымға (2022) арналған, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Әрине, «Астана» командасына қайта оралғаныма өте қуаныштымын. Осы командада көп жыл өткіздім, көптеген командалық жетістіктерге жеттім. Жаңа маусым басталмай тұрып, өзім жақсы білетін команда басшыларына қолымнан келгенше көмектесуге, сондай-ақ командаға жақында ғана қосылған жас жігіттерге тәжірбиемен бөлісуге тырысамын», - деді Андрей Зейц.
Андрей Зейц (34) кәсіби мансабын 2008 жылы қазақстандық командада бастады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или