«Қайрат» ойыншысының жамбасына ота жасалды

«Қайрат» ойыншысының жамбасына ота жасалды

«Қайрат» футзал клубының ойыншысы Дәурен Нұрғожинге италиялық клиникада ота жасалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы алматылық клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

- «Қайрат» АФК және Қазақстан құрамасының ойыншысы Дәурен Нұрғожинге италиялық «Вилла Стюарт» клиникасында сәтті ота жасалды.

Операция сәтті өтті, ойыншының жағдайы жақсы. Шамамен 4 айда қатарға қосылады», - делінген команда хабарламасында.

Айта кетейік, Нұрғожин әлем чемпионатында Бразилия құрамасына қарсы ойында жарақат алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или