«Астананың» ісінде бұрынғы шабандоздың хаты да пайдаланылуда

«Астананың» ісінде бұрынғы шабандоздың хаты да пайдаланылуда

Лозаннаның ғылым және спорт институтының аудит бойынша жүргізген қорытындысы мен Падуя қаласы полициясының тергеу материалдарынан бөлек Лицензиялық комиссияның қарауында «Астана» велокомандасының бұрынғы шабандозы Фредрик Кессякоффтың хаты да жатыр, деп хабарлайды astanafans.com Gazzetta dello Sport-қа сілтеме жасап.

«Астана» велокомандасының лицензиясын қайтарып алу мәселесін қарап жатқан Лицензиялық комиссияға қазақстандық команданың бұрынғы велошабандозы Фредрик Кессякоффтың хаты да ұсынылды. Спортшы өз хатында бұрынғы ұжымының жұмыс істеу және басқару жүйесі туралы баяндаған.

Велоспорттан ерте қол үзген Кессякофф ұзақ уақыт бойы «Астана» командасының қызметіне көңілі толмағанын айтып, басшылықты қысым жасады деп айыптаған болатын.

Естеріңізге салып өтсек, Халықаралық велосипедшілер одағы (UCI) Лицензиялық комиссия нақты шешім шығармағанға дейін «Астана» велокомандасының ісіне қастысты қандай да бір түсініктеме беруден бас тартты.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или