Футзалдан Чемпиондар лигасы элиталық кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтеді
3 қарашада Ньон қаласында (Швейцария) УЕФА штаб-пәтерінде футзалдан Чемпиондар лигасы элиталық кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ru.uefa.com сайтына сілтеме жасап.
Жеребе тарту рәсімі келесі қағидаттарды сақтай отырып өтеді:
Командалар негізгі кезең нәтижелері бойынша үш деңгейге бөлінеді: негізгі кезеңде А жолының жеңімпаздары (1-позиция, 4 команда), негізгі кезеңде А жолының екінші орындары (2-позиция, 4 команда) және негізгі кезеңде А жолының үшінші орындары және В жолының топ жеңімпаздары (3 және 4 позициялары, 8 команда).
Негізгі кезеңнің бір тобында бірінші және екінші орын алған командалар әртүрлі топтарға бөлінеді.
Бір қауымдастықтың командалары әртүрлі топтарға бөлінбейді. Арнайы шектеулер жеребе тарту алдында жарияланады.
УЕФА Төтенше жағдайлар жөніндегі жұмыс тобының шешіміне сәйкес Ресей мен Украина клубтары бір топқа түсе алмайды.
Кей клуб мини-турнирлерді өз алаңында қабылдайды. Олар 1-себетте болады және топтарға бірінші кезекте бөлінеді. Бірақ командалар елену позициясын сақтап қалады.
Содан кейін 2-себеттегі командалар топтарға бөлініп, төртінші орындағы клубтар үшін бос орындар толықтырылады. Осыдан кейін үшінші елену позициясындағы командалар топтарға бөлінеді.
Одан кейін 3-себеттерден (екінші елену позициясы) және 4 (бірінші елену позициясы) командалар топтарға бөлінеді.
Қатысушылар
Негізгі кезеңдегі А жолының жеңімпаздары: «Барса» (Испания), «Бенфика» (Португалия), «Қайрат» АФК (Алматы, Қазақстан), «Спортинг» (Португалия)
Негізгі кезеңдегіА жолының екінші орындары: «Аньер-Вильнев» (Франция), «Леванте» (Испания), «Пльзень» (Чехия), «Синара» (Екатеринбург, Ресей)
Негізгі кезеңдегіА жолының үшінші орындары: «Добовец» (Словения), «Халле-Гооик» (Бельгия), «Тюмень» (Ресей), «ВитЭн» (Беларусь)
Негізгі кезеңдегіВ жолының жеңімпаздары: «Халадаш» (Венгрия), «Ураган» (Украина), «Олмиссум» (Хорватия), «Ховокубо» (Нидерланды)
Элиталық кезең 30 қараша мен 5 желтоқсан аралығында өтеді. Төрт топ жеңімпазы қатысушылардың бірінің алаңында өтетін финалдық турнирге жолдама алады. Оның матчтары 2022 жылдың 28/29 сәуірі мен 30 сәуір/1 мамырында өтеді.
Фото uefa.com