Чемпиондар лигасы. «Қайрат» тең ойнаса, «Атырау» ойсырай жеңілді

Чемпиондар лигасы. «Қайрат» тең ойнаса, «Атырау» ойсырай жеңілді

Қазақстандық клубтар футзалдан Чемпиондар лигасының негізгі раундындағы екінші ойындарын өткізді.

Алматының «Қайрат» АФК командасы Ресейдің «Тюмень» ұжымына қарсы ойнап, 3:3 есебімен тең түсті. 

«Қайраттың» сапынан Тұрсағұлов, Эдсон мен Витао көзге түсті. Енді алматылық ұжым Италияның  «Пезаро C/5» командасымен кездеседі.

Чемпиондар лигасы – 2021/22. Негізгі раунд. 4 топ. 2-тур.

«Тюмень» (Ресей) — «Қайрат» (Қазақстан) 3:3 (2:1)

Голдар: Абрамович 7 (1:0), Тұрсағұлов 8 (1:1), Антошкин 11 (2:1), Лазаревич 13 (3:1), Эдсон 31 (3:2), Витао 35 (3:3).

«Атырау» болса Чемпиондар лигасындағы екінші матчын Португалияның «Спортингіне» қарсы өткізіп, 1:8 есебімен жеңіліс тапты.

Қазақстандық ұжым келесі матчын Францияның «Аньер Вильнев 92» ұжымына қарсы өткізеді.

Чемпиондар лигасы – 2021/22. Негізгі раунд. 4 топ. 2-тур.

«Атырау» (Қазақстан) — «Спортинг» (Португалия) 1:8

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или