Ерлан Пернебековті еске түсіруге арналған веложарыс өтті

Ерлан Пернебековті еске түсіруге арналған веложарыс өтті

Шымкентте велоспорттан Қазақстанның қысқы чемпионаты аяқталды. Ел біріншілігінің соңғы күні мезгілсіз көз жұмған қазақ велоспротшысы Ерлан Пернебековтің рухына бағышталып, арнайы критериум жарысы ұйымдастырылды.

Ерлан Пернебековті еске түсіруге арналған критериум жарысының ерлер арасындағы сынында Григорий Штейн жеңімпаз атанды. Ал әйелдер арасында Наталья Сайфутдинова топ жарды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Ерлан Пернебековтің анасы марапаттады.

Ерлер арасындағы 20 шақырымдық жекелей сында Юрий Натаров, ал әйелдер арасындағы 10 шақырымдық осындай бәйгеде Надежда Генелева ел чемиондары атанған.

Григорий Штейн аламан бәйгеде де ел чемпионы атанды. Әрі командалық жарыста Алматы облысының құрамында жеңімпаз атанып, дәл қазір спорттық бабында екендігін көрсетті.

Жалпы, ҚР велоспорт федерациясы баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Наурыз тойы аясында өткен еліміздің қысқы чемпионатына 140 велошабандоз қатысқан.

Төрт күнге созылған ел біріншілігінің қорытындысы бойынша, жалпы командалық есепте Алматы облысының велошабандоздары сегіз жүлдемен (оның үшеуі – алтын) бірінші орынға ие болған. Алматы қаласының велоспортшылары екінші, ал Солтүстік Қазақстан облысының қыз-жігіттері үшінші орындарды еншілеген.

«Алаш айнасы» сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или