Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатынан ұпайсыз қайтты
<div style="text-align: justify;">
<strong>Әуесқой футзалдан Қазақстан атынан WMF Arena Soccer World Cup турниріне қатысқан «СК Аэропорт» командасы отанына оралды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».</strong></div>
<div style="text-align: justify;">
</div>
<div style="text-align: justify;">
АҚШ-та өткен аталмыш жарысқа әлемнің ең үздік он екі құрамасы қатысқан болатын. Жерлестеріміз топтағы бірінші кездесуінде жарыстың қожайындары АҚШ құрамасымен кездесіп, 1:10 есебімен ойсырата ұтылды. Екінші турда, қазақстандықтар Еуропа чемпионы Чехияны қабылдады. Өкінішке қарай, бұл ойында да қандастарымыз 4:7 есебімен ұтылып қалды. Соңғы кездесуінде Қазақстан құрамасы Сальвадордан 3:8 есебімен ұтылып, жарыс жолынан шығып қалды. </div>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или