Еуропа біріншілігі: Қазақстан жеребе рәсімінде 1-себетте болады
Футзалдан Қазақстан құрамасы ЕУРО-2022 финалдық сатысының жеребе тарту рәсімінде бірінші себетте болады.
Құрлықтық дода 2022 жылдың 19 қаңтары мен 6 ақпаны аралығында Нидерландының Амстердам және Гронинген қалаларында өткізіледі. Онда барлығы 16 құрама бақ сынайды. Құрамалар төрт топқа бөлініп, өзара сынға түседі.
Әрбір топтан алғашқы екі орынға ие болған құрамалар жарыстың келесі сатысына жолдама алады. Қазір құрамалар төрт себетке бөлінген.
Алғашқысында Испания, Ресей, Португалия, Қазақстан орналасса, екіншісінде Хорватия, Әзербайжан, Сербия немесе Беларусь, Италия жайғасқан. Ал үшіншісінде Украина, Словения, Босния және Герцеговина, Польша болса, төртінші себетте Финляндия, Словакия, Грузия, Нидерланды бар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или