Футзалдан Қазақстан суперкубогының күні мен орны анықталды

Футзалдан Қазақстан суперкубогының күні мен орны анықталды

Футзалдан Қазақстан Суперкубогы үшін матч қай жерде және қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz KFF баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде алматылық  «Қайрат» пен «Атырау» кубок үшін күш сынасады.

Матч 7 қазанда Нұр-Сұлтанда «Сайран Арена» спорт кешенінде, жергілікті уақыт бойынша 20: 00-де басталады.

Хабарламада <span>билеттердің тек онлайн режимінде сатып алуға болатыны, адамдардың көп жиналуын болдырмау үшін «Сайран Аренаның» кассаларында билеттер сатылмайтыны айтылған.</span>

Матчқа қатысқысы келетін футзал жанкүйерлері Ashyq қосымшасын жүктеп алып, жасыл статусқа ие болуы керек. Отырғызу әлеуметтік қашықтықты сақтаумен, сондай -ақ медициналық бетперделердің міндетті түрде болуымен жүзеге асырылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или