Мәдениет және спорт министрі футзалдан Қазақстан құрамасымен кездесті

Мәдениет және спорт министрі футзалдан Қазақстан құрамасымен кездесті

Бүгін футзалдан Қазақстан құрамасы елге оралды. Осыған орай Қазақстан футбол федерациясында салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Рrosports.kz ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Литвада өткен әлем чемпионатында үздік төрттікті түйіндеген командамен және бапкерлер қосынымен кездесуге Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков пен БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шара басында сөз алған Ералы Тоғжанов іріктеуден сүрінбей өтіп, 32 құраманың қатарында жүлдеге таласқан Қазақстан құрамасы алпауыттармен терезесі тең ойнап, халықты жұмылдырғанын ерекше атап өтті.

Осыдан кейін сөз алған Ақтоты Райымқұлова құрамамыз жанкүйерлер үмітін ақтап, футзал әлемінде сенсация жасағанын жеткізді.

Ұлттық құраманың бас бапкері Кака бұл көрсеткіштің сәйкестік емес екенін, командадағы әр ойыншыны мақтан тұтатынын жеткізді.

«Әуелі маған және жалпы командаға қолайлы жағдай жасаған федерацияға рақмет айтамын. Мен әлем чемпионатында еш қаймықпай сенімді ойын көрсеткен футболшыларыма алғыс айтамын. Біз осында не болып жатқанын білмегенмізбен Литвада жүріп, жанкүйерлердің қолдауын сездік»,-деді бас бапкер.

Іс-шара соңында әлемнің бес дүркін үздік қақпашысы Игита ФИФА-ның әділ ойын (fair play) көрсеткені үшін Қазақстан құрамасына берген арнайы сыйлығын федерацияның мұражайына табыстады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или