Бразилиядан жеңілгеннен кейін Тайнан жанкүйерлерден кешірім сұрады

Бразилиядан жеңілгеннен кейін Тайнан жанкүйерлерден кешірім сұрады

Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Тайнан әлем чемпионатының үшінші орыны үшін өткен матчтан кейін жанкүйерлерге үндеу жасады, деп жазады Prosports.kz.

«Қазақстан жұртынан кешірім сұраймын! Бұл матчты тезікрек ұмытқым келеді! Ешқашан команданы қиындыққа қалдырғым келмеген. Бұдан да мықты болып ораламын. Әәде беремін! Кешіріңіздер», - деп жазды Тайнан инстаграм парақшасында.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы бұл әлем чемпионатында төртінші орын алды. Үшінші орын үшін өткен ойында Кака шәкірттері Бразилияға 2:4 есебімен есе жіберді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или