Фалькао Игитаны әлем чемпионатының үздік ойыншысы деп атады

Фалькао Игитаны әлем чемпионатының үздік ойыншысы деп атады

Футзал әлемінің аңызы Фалькао Қазақстан құрамасының қақпашысы Лео Игитаның Литвадағы әлем чемпионатындағы ойынын мақтады, деп деп хабарлайды Prosports.kz.

Игитаның Инстаграмдағы жазбасына Фалькао пікір қалдырды: 

«Әлем чемпионатының үздік ойыншысы! Сенсация жасады!».

Еске салайық, Қазақстан құрамасы футзалдан биылғы әлем чемпионатында алғаш рет жартылай финалға шығып, сенсация жасаған еді. 

Кеше қазақстандықтар 1/2 финалда Португалиядан пенальти сериясында жеңілген. Енді отандастарымыз әлем чемпионатының қола медалі үшін Бразилиямен кездеседі. 

Пенальтидегі сәтсіздік. Қазақстан құрамасы жартылай финалда Португалияға жол берді

«Ұлттық құрама бәрінен маңызды!». Қайрат Оразбеков – 2021 жылғы әлем чемпионаты жайлы

«Қазақстанның жартылай финалға шығуы сенсация емес»

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или