«Қазақстанның жартылай финалға шығуы сенсация емес»

«Қазақстанның жартылай финалға шығуы сенсация емес»

МатчТВ телеарнасының комментаторы, бұрынғы футзалшы Кирилл Земсков Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы өнерін бағалады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Стеклянный, оловянный, деревянный» телеграм-каналына сілтеме жасап.

- Жартылай финалда қай команданы көреміз деп ойламадыңыз?

- Қазақстан құрамасын шығар, бірақ оның үздік төрттікке енуі сенсация немесе тосынсый емес, заңды дүние. Қазақстандықтар жартылай финалға жақсы үйлестірілген ойын мен жергілікті футзал түлектерінің айтарлықтай дамуының арқасында жетті.

Бұрын бұл команданы айтқанда Қазақстан азаматтығын алған бразилиялықтар (Игита, Дуглас, Тайнан) еске түссе, қазір Тұрсағұлов, Оразов, Нұрғожин, Ақбалықов, Кнауб бұл командада сенімді ойнайды.

Ең бастысы - Ресейге белгілі маман Каканың жаттықтырушылық жұмысы. Ол ойынды қалай басқарады, футзалшыларын қалай жігерлендіреді, ынталандырады - жүз рет естігеннен немесе оқығаннан гөрі бір рет көрген жақсы.

- Дәл қазіргі уақытта турнирдің үздік үш ойыншысы кім?

- Феррао, Родриго, Дуглас және толығымен Аргентина құрамасы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или