«Біз әлі аяқтаған жоқпыз». Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы жанкүйерлер мен командаластарына үндеу жасады

«Біз әлі аяқтаған жоқпыз». Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы жанкүйерлер мен командаластарына үндеу жасады

Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Арнольд Кнауб әлем чемпионатының жартылай финалында Португалиядан жеңілгеннен кейін жанкүйерлер мен командадағы әріптестеріне үндеу жасады, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.

«Бүгін біз армандаған, бүкіл ел армандаған нәрсеге - финалға шығуға қол жеткізе алмадық! Біз бар күшімізді бердік, бүгінгі ойынға бар жан-тәнімізді салдық, бірақ финалға өте алмадық!

Бәріңізге өте қиын сәтте қолдау көрсеткендеріңіз үшін рақмет, біз алаңда қолдауларыңыз бен энергияларыңызды сезіндік!

Сендермен бірге ойнағаныма қуаныштымын, мен әрқайсымен мақтанамын! Сендер - батырсыңдар. Біз әлі аяқтаған жоқпыз, бізді лайықты финал күтіп тұр - 3-орын үшін Бразилия құрамасына қарсы матч!», – деп жазды футзалшы Инстаграмда.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или