Теннис

Путинцева елордадағы турнирдің екінші айналымына өтті

Путинцева елордадағы турнирдің екінші айналымына өтті
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан WTA турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол 1/16 финалда Грузия өкілі Екатерина Горгодзені жеңді.

1 сағат 11 минутқа созылған кездесу 6:1, 6:2 есебімен Юлияның пайдасына аяқталды.

Айта кетейік, турнирдің 1/4 финалына шығу үшін Путинцева Беларусь спортшысы Вера Лапкомен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер