«Екінші таймда Иран ойыншыларына дем алуға мүмкіндік бермедік»

«Екінші таймда Иран ойыншыларына дем алуға мүмкіндік бермедік»

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының ширек финалында Ираннан екі доп айырмасымен жеңіліп жатып, керемет камбэк жасап 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстандық футзал үшін тарихи маңызы бар әлем чемпионатының жартылай финалында Кака шәкірттері Рикардиньо бастаған Португалиямен кездеседі.

Prosports.kz сайтының журналисі Қазақстан футзалының ардагері, отандық белгілі маман Владимира Кравченкомен хабарласып, Литвадағы әлем чемпионатының ширек финалы аясында өткен Қазақстан - Иран матчы жайын пікірін білді. 

- Владимир Леонидович, Қазақстанның Иранды жеңгені жайлы не айтасыз?

- Бірінші таймды 0:2 есебімен аяқтадық. Бір қызығы, тәжірибелі ойыншылар қателесті - Дуглас, Тайнан және Оразов. Осындай қателіктерден кейін біздің қақпаға гол соғылды. Бірінші гол соғылған сәтте Тайнанның аяғының арасынан пас берілген кезде, Оразов өз ойыншысын жауып үлгермеді. Дуглас та бұған дейін кездеспеген қателіктер жіберді.

- Сіздің ойыңызша, бұл кездесуді Қазақстан құрамасының мұндай сәтсіз басталуына не себеп болды?

- Біздің жігіттердің толқып жүргенін сездім. Ойын басында Тайнан мен Тұрсағұловтың қақпашымен жеке шығып, гол соға алмағанының өзі осыны білдіреді. Мұның бәрі үлкен толқу мен жауапкершіліктің көрінісі.

- Сіздің ойыңызша, біз бұл қиын кездесудің тағдырын қалай өзгерте алдық?

- Менің ойымша, бас бапкер Кака керемет жұмыс істеді. Шамасы, ол жігіттерге қажетті кеңесті дер кезінде бере алды. Ең бастысы, кездесудің екінші таймында ол ойыншыларды дайын етіп шығарды. Әлемнің бес дүркін үздік қақпашысы Игита өз деңгейін көрсетті. Менің ойымша, мұндай ойынмен ол алтыншы титулға ие бола алады. 

- Екінші таймда Қазақстан құрамасының ойыны мүлде өзгерді ме?

- Екінші таймда біздің жігіттердің ойынға деген ынтасы мен қарсыласқа тынбай қысым жасағанын байқадым. Ирандықтарға дем алуға мүмкіндік бермеді. Олар біршама абдырап қалды, бұған голдардың қалай соғылғаны дәлел. Мен Қазақстан құрамасының стандартты жағдайларға өте тыңғылықты дайындалғанын аңғардым. Шешуші гол дәл осы стандарттан соғылды. Мұның бәрі көп жұмыс пен жаттығудың арқасы. «Тұлпар» командасына өнер көрсеткен біздің қарағандылық жігіттер мені қатты қуантты. Мен оларды мақтан тұтам, осы балалармен жұмыс істеп, оларды дайындадық. Қазір олар ержетіп, әлемдік деңгейде өнер көрсетіп жүр. 

- Қазақстан құрамасына жартылай финалда Португалияға қарсы Иранмен ойнағандай ойнаса жеткілікті ме?

- «Спортинг» Чемпиондар лигасын жеңіп алды, Португалия футзалының деңгейі өте жоғары. Олар Испания қақпасына стандарттардан гол соқты, ойыншылары бұған өте дайын. Португалия құрамасы жақсы жасақталған ұйымшыл команда, «Бенфика» мен «Спортинг» ойыншылары өте мықты. 

- Қазақстан құрамасы мұндай қарсыласқа қарсы қалай ойнағаны жөн?

- Қос құрманың мүмкіндігі 50-де 50 деп есептеймін. Егер сәттілік факторы болмаса, Иранды да жеңе алмас едік. Тактикалық тұрғыдан айтсақ, бұл жаттықтырушының құзырындағы жұмыс. Біз матч бойы қысым көрсете алмайтынымыз анық. Бізде Игитаға байланысты артықшылық бар, бірақ мұны Португалия да ескереді.Португалия сапында өте шебер Рикардиньо бар екенін де ұмытпауымыз керек. Менің ойымша, тактикалық тартыс болады, егер біздің жігіттер физикалық тұрғыда Иранмен ойындағыдай мығым болса, сонымен қатар сәттілік факторы мен сауатты тактикалық әрекеттер нәтижесін берсе жеңіске жете аламыз. Матч пенальти сериясына жетуі ұласуы да мүмкін, ондай болғанда екі мықты қақпашының шеберлігі соңғы нәтижеге әсер етеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или