«Иран «темір» қарсыластан» ұтылды», «Тарихи камбэк», «Қазақстанның ерлік жеңісі»
Prosports.kz осы күндері Литвада өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына Қазақстан құрамасының тарихи түрде енуіне шетелдік БАҚ -тың реакциясын зерттеді.
Біздің құрама команданы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚФФ президенті Әділбек Жақсыбеков құттықтады. Ақпараттық бағытқа қарамастан, отандық БАҚ-тың барлығы дерлік Қазақстан құрамасының жеңісіне тәнті болды.
Ал шетелдік БАҚ Қазақстан құрамасы туралы көп жазып жатқан жоқ. Ал ұлттық құрама командалары ӘЧ-2021-дің жартылай финалына өткен елдер – Бразилия, Аргентина және Португалия өз ойыншыларын аспанға көтеріп жатыр. Ал Испания мен Ресей, керісінше, 2021 жылғы әлем чемпионаты тақырыбын тезірек ұмытып кетуге тырысады. Өйткені олардың командалары ¼ финалда ұтылды.
Иран басылымдары қарсыластың төзімділігіне әділдік танытқанымен, Қазақстаннан жеңілу тақырыбын көп көтермеуге тырысады.
Iranpress.com – Иран «темір» Қазақстаннан ұтылды
Иран құрамасы ширек финалда Қазақстанға қарсы 2021 жылғы әлем чемпионатындағы ең ауыр сынақтан өте алмады.
Қызықты кездесуде Қазақстан бірінші таймда екі гол өткізіп алды. Бірақ олар екінші таймда 3 гол соғып, әлем чемпионатының жартылай финалына шықты. Осыдан 5 жыл бұрын, біз әлем чемпионатында үшінші орын алғагн едік. Сол жетестікті жақсартуға Қазақстан құрамасы мүмкіндік бермеді.

Fifa.com – ФИФА -ның ресми сайты біздің Дуглас Джуниордың әрекетіне тәнті болды
«Темір адам» лақап атымен танымал Дуглас Джуниор бүкіл турнирде жақсы қорғанды, ал, ширек финалда Иранға қарсы ойнауда ерекше құбылып, данышпан көмекшіге айналды. Алдымен Дуглас Дәурен Тұрсағұловқа ерекшеленуге көмектесті, содан кейін Арнольд Кнаубқа пас пас берді, ол өз командасының жеңісіне баға жетпес үлес қосты.
Ресейлік басылымдарда көршілеріне арналған мақтау сөздерді аз айтып жатыр. Дегенмен, аз болса да бар.

Verybet.ru – Қазақстанның ерлік жеңісі
Қазақстан құрамасы Иран құрамасын 3:2 есебімен ерлікпен жеңді. Бұл жарыстың жартылай финалына шығуға мүмкіндік берді. Рас, оларға мінез көрсету керек еді, өйткені матч өте қиын болды.
Фото: ФИФА