«Cоңына дейін біргеміз. Алға!» Қазақстан құрамасының үздік сұрмергені жартылай финал туралы

«Cоңына дейін біргеміз. Алға!» Қазақстан құрамасының үздік сұрмергені жартылай финал туралы

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Тайнан 2021 жылы Литвада өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалында Иран құрамасын 3: 2 есебімен жеңгені туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Рrosports.kz.

«Сөз жоқ, қандай керемет сәт, тарихи оқиға жалғасып жатыр. Құдай тілеуімізді оңғарсын. Қолдаған барлығына рахмет, күш бердіңіздер. Бұл нәтиже команда үшін үлкен мақтаныш. Бәріміз соңына дейін біргеміз!!! Алғаааа... біз жартылай финалдамыз ... », - деп жазды Тайнан өзінің Instagram парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан тарихта тұңғыш рет әлем чемпионатының жартылай финалына шықты.  Финалға шығу үшін отандастарымыз Португалиямен кездеседі. Матч 30 қыркүйекте Каунаста өтеді. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де басталады.

Тайнан бес голмен 2021 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының үздік сұрмергені.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или