ФИФА Қазақстан құрамасының камбэк жасағанына тәнті болды

ФИФА Қазақстан құрамасының камбэк жасағанына тәнті болды

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) өз твиттерінде футзалдан әлем чемпионатының ширек финалында Қазақстан құрамасының ерік-жігерімен жеңіске жеткенін жазды,- деп хабарлайды Prosports.kz.

«Сіздің команда 2 гол өткізіп алды ма? Мәселе жоқ! Қазақстан Иранды ұтып, тарихта тұңғыш рет футзалдан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты»,-деп жазды ФИФА твиттерде.

Бірінші таймда Қазақстан құрамасы сәтсіз ойнап, 2:0 есебімен ұтылып қалды. 8-минутта Мослем Оладгобад ирандықтарды алға шығарды. Ал, 15-минутта Ахмед Эсмаилпур есепті еселеді.

Бірақ, екінші таймда отандастарымыз жеңіске деген күш-жігер тауып, 3 гол соғып жартылай финалға шықты.

Кездесудің 25 -минутындағы үзілістен кейін Иран қақпашысы Алиреза Самими өз қақпасына гол соқты. Ал 29 минутта қазақстандық шабуылшы Арнольд Кнауб есепті теңестірді. Ал 39 минутта Тайнан жеңіс голын соқты.

Жартылай финалда Қазақстан 1/4 финалда Испания құрамасын қосымша уақытта ұтқан Португалиямен кездеседі.  

Португалия - Қазақстан матчы 30 қыркүйекте Каунас қаласында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или